Алматы мен Нұр-Сұлтанда митинг өтетін орындар белгіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы мен Нұр-Сұлтанда митинг өтетін орындар белгіленді

08.06.2020

Алматыда бейбіт жиындар өтетін жерлер белгілі болды. Қалалық мәслихаттың шешімімен заңды митинг болатын орындар, қолдану ережелері мен талап-шарттар анықталды.

Қазір шаһарда белгіленген екі жер бар. «Сарыарқа» кинотеатрының артындағы сквер мен Махатма Ганди атындағы саябақ. Енді заңды митинг өткізу үшін Шоқан Уәлиханов атындағы саябақты қосу қарастырылып жатыр. Əрі шеру өткізу үшін Шевченко көшесі таңдалды. Бұл әзірше ұсыныс. Алматы қалалық мәслихаты мен қоғамдық кеңес талқысына түсіп, нақты шешім кейін қабылданады.

Нұр-Сұлтанда да бейбіт жиындар өткізетін арнайы орындар таңдалды. Елордада бейбіт жиындар мен шеру өткізу үшін 4 арнайы орын ұсынылып отыр.

Жариза Оразқызы

Хабарламаларға жазылу