Бүгін Президент көмекшісі, Президент Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Тамара Дүйсенова азаматтарды қабылдау өткізді. Бірнеше аймақтан хабарласқан тұрғындардың арыз-шағымы бейнебайланыс арқылы тыңдалды. Өңірлерден тікелей тілдескен тұрғындарға құқықтық тұрғыда көмек көрсетілді. Бейне байланыс форматындағы қабылдауға құзырлы орган өкілдері де қатысып, халықтың базынасына дереу жауап берді. Азаматтар тарапынан айтылған мәселелердің орындалуы Президент әкімшілігінің бақылауына алынады. Азаматтарды бейне байланыс арқылы қабылдау жұмысы жалғасады.
Ербол МӘНДІБЕК