«Самұрық-Қазына» табысы 7 есеге азаяды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Самұрық-Қазына» табысы 7 есеге азаяды

05.06.2020

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының» таза табысы 7 есе азаяды. Нақтырақ айтсақ, бұрын кіріс 1,2 триллион теңге болса, енді бұл көрсеткіш 167 миллиард теңгеге дейін төмендейді. Бұл туралы басқарма төрағасы Ахметжан Есімов мәлімдеді. Ең үлкен шығын «ҚазМұнайГаз»-да, таза табыс 84 пайызға азаяды деген теріс болжам бар. Ал әуе және теміржол қатынастарының кірісі 40 пайызға дейін төмендеуі мүмкін. Айта өтейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен жиында коронавирус пандемиясының ел экономикасына кері әсері, мұнай бағасының төмендеуі және төл теңге бағамының құбылуы сөз болды. Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» қорына экономиканы әлдендіріп, дамыту міндеті жүктелгенін атап өтті.

Альбина ӘШІМ


Хабарламаларға жазылу