Атыраудағы түрмеде бүлік шығарған 5 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраудағы түрмеде бүлік шығарған 5 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды

05.06.2020

Атыраудағы 157/1 мекемесінде бүлік шығарған 5 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Есеріңізге сала кетейік, кеше істі болғандар өздеріне қысым көрсетіліп жатыр деп туыстарына хабарласқан болатын.

Осыдан кейін тергеу изоляторының алдына жиналған жақындары құзырлы орган өкілдерінен жағдайды түсіндіруді талап етті. Осы тəртіпсіздіктен кейін түрме ішін тексерген арнайы комиссия біраз олқылықтың бетін ашты.

Қоғамдық бақылаушылардың сөзінше, абақтыда жатқандарға жағдай жасалмаған. Камера тар. Дəрігердің тапшылығы да мəселені күрделендіріп тұр.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу