«Обухов» кен байыту комбинатындағы төбелеске қатысы бар 5 адам қамалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Обухов» кен байыту комбинатындағы төбелеске қатысы бар 5 адам қамалды

04.06.2020

Солтүстік Қазақстан облысындағы «Обухов» кен байыту комбинатындағы төбелеске қатысқан 5 адам уақытша тергеу изоляторына қамалды. Бәрі де Қарағанды қаласынан келген күзет агенттігінің қызметкерлері. Ал күзет агенттігі лицензиясынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев баяндады. Естеріңізге сала кетейік, комбинат құрылтайшылары табысты өзара бөлісе алмай, ақыры оның соңы жанжалға ұласқан. Екі құрылтайшы, Қарағанды қаласынан 30 шақты жігітті алып кеп, жергілікті қызметкерлермен жаға жыртысқан. Нәтижесінде 10 адам дәрігер көмегіне жүгінді.  

Хабарламаларға жазылу