Ірі көлемде ақша ұрлаған алаяқ кәсіпкерлер ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ірі көлемде ақша ұрлаған алаяқ кәсіпкерлер ұсталды

04.06.2020

Қазақстандықтарды алдап, ақша жинап келген алаяқ ұсталды. Ішкі істер министрлігінің тергеу департаменті Wall Street Invest Partners серіктестігінің бас директорын қолға түсірді. Ол тіркеген екі компания аймақтарда филиалдарын ашып, жұрттан қомақты қаржы жинап келген. Қарапайым халыққа электронды сауда арқылы аз ақшадан көп табыс табасың деп сендірген. Сосын халық берген ақшаны оффшорға салып отырған. Ішкі істер министрлігі осы компаниялардан зардап шеккен азаматтар болса, министрліктің тергеу департаментіне хабарласуын сұрайды.

Ішкі істер министрлігі «Гарант 24 ломбард», «ЕSTATE ломбард», «Выгодный займ» басшыларына қатысты қылмыстық істі де назарда ұстап отыр. Осы уақытқа дейін 9 мыңнан астам адам полицияға шағымданған.

Ақерке БЕРІКБЕК


Хабарламаларға жазылу