Президент қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

04.06.2020

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.

«Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! Елтаңба, Ту, Әнұран – Тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының көрінісі, бейбітшіліктің, бірлік пен келісімнің, өсіп-өркендеудің белгісі. Біз халқымыздың мүддесін қорғайтын күшті, беделді мемлекет құру жолында биік белестерге бірге жетеміз», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.

Хабарламаларға жазылу