Қытайда бастауыш мектеп күзетшісі пышақпен шабуыл жасап, 39 адамды жаралады. Олардың екеуінің жарасы ауыр, деп хабарлайды жергілікті мемлекеттік ақпарат құралдары.
Оқиға бүгін елдің оңтүстік-батысындағы Гуанси аймағында болды. Суық қару ұстаған 50 жастағы Ли есімді азамат тұтқындалды. Одан зардап шеккендердің көбі – алты жасқа да толмаған балалар.
Айта кетсек, былтыр Хубэй провинциясында дәл осындай шабуылдан 8 бала қаза тапқан еді.
Арыстан Рысбек