Электронды сауда арқылы жұрттың ақшасын жымқырған алаяқ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Электронды сауда арқылы жұрттың ақшасын жымқырған алаяқ ұсталды

04.06.2020

Қазақстандықтарды алдап, ақша жинап келген алаяқ ұсталды. Ішкі істер министрлігінің тергеу департаменті Wall Street Invest Partners жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директорын қолға түсірді. 

Ол тіркеген екі компания аймақтарда филиалдарын ашып, жұрттан қомақты қаржы жинап келген. Қарапайым халыққа электронды сауда арқылы аз ақшадан көп табыс табасың деп сендірген. Сосын халық берген ақшаны оффшорға салып отырған. 

Ішкі істер министрлігі осы компаниялардан зардап шеккен азаматтар болса, министрліктің тергеу департаментіне хабарласуын сұрайды.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу