Пентагон Дональд Трамптың шешіміне қарсылық білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пентагон Дональд Трамптың шешіміне қарсылық білдірді

04.06.2020
Пентагон Дональд Трамптың шешіміне қарсылық білдірді

Пентагон басшылары АҚШ президенті Дональд Трамптың елдегі митинг салдарынан болып жатқан тәртіпсіздіктерді әскери күштердің көмегімен басу шешіміне қарсы екенін білдірді. Қорғаныс министрі Марк Эспер ведомство құрамындағы әскерлер полиция атқару тиіс жұмыстарға қатыспайтынын және дәл қазіргі уақытта әскерилер азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сырттай бақылайтынын жеткізді. Ол АҚШ президентіне қарулы күштерді басқаруға мүмкіндік беретін 1807 жылы қабылданған Insurrection Act заңы ел аумағында көтеріліс салдарынан ең қауіпті жағдай туындағанда ғана орындалатынын айтты.

Сәрсенбі күні АҚШ-тың экс-президенті Барак Обама елдегі билік органдарына деген қарсылық акциялары ұзақ уақыт бойғы құлдық пен расизмнің салдарынан болып отыр. Оның айтуынша бұл Америкада түбегейлі өзгеріс әкелетін бастамалардың бірі.

ВВС


Хабарламаларға жазылу