Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорын арасында дау туып, ондаған адам жарақат алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорын арасында дау туып, ондаған адам жарақат алды

03.06.2020

Солтүстік Қазақстан облысында кен байыту комбинатының күзет қызметкерлері өзара жаға жыртысып, ондаған адам жарақат алды. Даудың басы - Тайынша ауданындағы «Обухов» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорнының құрылтайшылары арасындағы келіспеушілік. Ондаған адам дәрігер көмегіне жүгінді.

 «Обуховтағы кен байыту комбинатының» аумағына 30 шақты адам баса-көктеп кіріп, қоқан-лоққы көрсеткен. Жергілікті жұмысшылардың айтуынша, бұл бірінші жағдай емес. Екі құрылтайшының арасындағы текетірес 7 жылдан бері жалғасып келеді.

Қазіргі құрылтайшы болса кәсіпорынға әріптесін кіргізбейді. Ал екінші құрылтайшының қолында комбинат басшысы деген сот шешімі бар. Сондықтан басқа өңірден күзет агенттігінің қызметкерлерін алып келген.

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабына сай іс қозғалып, тергеу басталды.

Істі облыстық полиция департаментінің бастығы бақылауына алды.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу