0:00:00
0:00:00
Қаламқас кен орнында қауіпті індетті жұқтырған мұнайшылар саны 10-ға жетті. Дертке шалдыққандар мұнайшылар мен сервистік компаниялардың қызметкерлері. Барлығы да Ақтау қаласындағы провизорлық стационарға жатқызылды. Кен орнында азық-түлік және дәрі-дәрмек қоры жасақталып, аумаққа кіріп-шығу шектелді.
Ал Жамбыл облысында 13 адамнан инфекция табылды. Олардың екеуі жүкті әйел. Қазір науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Ал облыс бойынша ауру жұқтырғандардың саны 398 адамға жетті.
Сәдит ӘЛДЕБАЙ