Атыраудағы 157/1 түзету мекемесінен шу шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраудағы 157/1 түзету мекемесінен шу шықты

03.06.2020

Атыраудағы 157/1түзету мекемесінен шу шықты. Істі болғандар өздеріне қысым көрсетіліп жатыр деп туыстарына хабарласқан. Осыдан кейін тергеу изоляторының алдына жиналған жақындары құзырлы орган өкілдерінен жағдайды түсіндіруді талап етті.

Түрме алдына жиналған 50-ге жуық адамның талабы бір. Темір тордың арғы жағында тәртіп орнағанын қалайды. Тергеу изоляторында жақынымыз соққыға жығылып жатыр деп азар да безер.

Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, істі болған 5 адам ішкі режимді бұзған. Олар дереу тәртіптік камераға тоғытылған. Түрмедегі толқу да содан басталған...

Тергеу изоляторында 238 адам отыр. Жақындары олардың амандығын көзбе көз көргісі келеді.

Шулы іс – облыстық прокуратураның бақылауына алдынды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Құзырлы оган өкілдерінен арнайы комиссия құрылды.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ


Хабарламаларға жазылу