Коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандар 7 күн карантинде болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандар 7 күн карантинде болады

03.06.2020

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болған адамдарға қатысты карантин талаптары өзгерді. Бас мемлекеттік санитар дәрігердің сөзінше, науқастармен жақын байланыста болғандар енді үй карантинінде 7 күн ғана болады. Бір апта өткен соң тест тапсырады. Ал вирус жұқтырғанмен ықтимал байланыста болғандарға үйде 14 күн болу шарты қойылмайды. Жаңа қаулы осы айдан бастап күшіне енеді.

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу