АҚШ-та нәсілшілдікке қарсы шерулер мен тәртіпсіздіктер кезінде 11 адам қаза тапты. Мұны Associated Press агенттігі хабарлап отыр. Сонымен қатар, ондаған адам жараланған.
Құрама Штаттарда жаппай наразылық акциялары мамырдың 25-інде Миннеаполисте полиция офицері афроамерикалық Джорд Флойдты тамағынан тізесімен басып тұншықтырып өлтіргеннен кейін басталды. Бейбіт акциялар полициямен қақтығыстарға, тонаушылыққа ұласып, көптеген қалаларда коменданттық сағат жариялауға тура келді.
Арыстан Рысбек