ШҚО-дағы кинотеатрлар жұмысын бастауға асығар емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-дағы кинотеатрлар жұмысын бастауға асығар емес

03.06.2020

Шығыс Қазақстандағы кинотеатрларға бүгіннен бастап ашылуға рұқсат берілгенімен, олар жұмысын бастауға асығар емес. Мәселен, аймақтағы жедел штаб залдың жартысын ғана толтырып көрермен қабылдауға және әрбір залда күніне 3 рет қана кино көрсетуге болады деген шешім шығарған. Ал кинотеатр иелерінің айтуынша, мұндай кестемен жұмыс істеу тиімсіз. Қазір олар барлық санитарлық талаптарды ескере отыра көрермендерді қабылдауға әзірлік үстінде.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу