Доллар 400 теңгеден төмендеді. Қазақстан қор биржасындағы таңғы сауданың қорытындысы бойынша АҚШ валютасының құны - 396 теңге 77 тиын, яғни, 5,5 теңгеге түскен.
Кеше бағам 402,27 теңге болатын. Бүгін Алматыдағы айырбас нүктелерінде доллар 399-400 теңгеге сатылып жатыр. Ал сатып алу 397-398 теңге аралығында.
Айта кету керек, Америка валютасы соңғы рет наурыз айында 400 теңгеден төмен саудаланған. Отандық экономистер долларды жақын арада 380 теңгеге дейін түседі деп болжам жасаған.
Жазира Оразқызы