3 миллиард 300 миллион теңге тұратын ғимарат қоғам талқысына түсуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

3 миллиард 300 миллион теңге тұратын ғимарат қоғам талқысына түсуде

02.06.2020

Судың да сұрауы бар. Елордадағы антикоррупциялық ведомства отырған ғимараттың құны қоғам талқысына түсіп жатыр.

3 миллиард 300 миллион теңге тұратын ғимарат. Сәулеті дәулетіне сай болғанымен, «жайлы» болмай тұр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жаңа қонысына көше сала сынның астында қалды. Бағасын естіген жұрт жағасын ұстады. Ал ақпарат құралдары нысанның құны сметалық құжаттан 3 есе жоғары деп жарыса жазып жатыр. Алайда, қалалық әкімдіктің бұған өз уәжі бар.

Ғимарат о баста бизнеске бейімделіп салынғанын растады біз телефон шалғанда. Бірақ аяқ асты антикоррупциялық қызметке таптырмайтын мекеме болып шыға келді. Департамент өкілдерінің қалауы бойынша құрылысқа өзгеріс енгіздік деп мәлімдеді «Mabex Trade LTD» компаниясының басшысы Мақсат Раманқұлов. Сонымен ғимараттың ауданы – 5200 шаршы метр. Су, жарық, жылу – бәрі орталықтандырылған. Дей тұрғанмен ғимарат бюджет үшін қымбатқа түсіп отыр деп санайды Оралбай Әбдікәрімов.

Әлбетте әкімдік олай санамайды. Ондағы мамандар ғимаратты алмас бұрын нарықты зерттегендерін айтады.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу