Қазақ-өзбек шекарасы арқылы өз елдеріне өте алмай жүрген 200-ге жуық Тәжікстан азаматы бүгін тағы да елшіліктен шекара асуға рұқсат ала алмады. Карантиндік шектеуге байланысты олардың Түркістан облысы аумағындағы «Жібек жолы» кеден бекетінде үй-күйсіз жүргендеріне екі айдан асты. Қазақ жағы шетелдіктерге сол кездің өзінде ақ қақпадан өтеуге рұқсат еткенімен, өзбек тарапы ел аумағына жібергісі жоқ.
Негізі мұндағы Тәжікстан азаматтарының саны 250-ге жете қабыл. Қазір 60 шақытысы төңіректегі ауыл аймақтардан жалдамалы жұмыс іздеп кеткен.
Автотұрақ маңын Сарыағаш аудандық полиция бөлімі қызметкерлері бақылауға алған. Ал Жібек жолы ауылы әкімдігінің ұйымдастыруымен мұндағыларға күнделікті бір мезгіл ауыз су және кешкі тамақ жеткізіледі.
Ғани ҚАЛМАХАН