Дүлей дауылдың салдарынан Павлодар облысының Баянауыл ауданында 16 жастағы бала қайтыс болды. Аулада ойнап жүрген жасөспірімнің үстіне ағаш құлаған. Кешкі жетілерде басталған жел небары жарты сағаттың ішінде ондаған ғимараттың шатырын ұшырып, үйлердің қоршауларын құлатқан, ағаштар сынған.
Әсіресе Павлодар, Ақсу қаласы мен Железинка аудандарында алай-дүлей құйын соғып, көп шығын келді. Әлеуметік нысандар бүлінді. Қазір тиісті органдар сараптама жасауда.
Болат АМАНБАЕВ