Алматы-Өскемен тас жолында екі кісілік дельтапланмен құлаған әйел адамның жағдайы ауыр. Естеріңізге сала кетсек, Қапшағай маңында ұшып жүрген дельтапланның қозғалтқышы өшіп қалып, тас жолға құлаған. Онда болған екі адам - ерлі-зайыпты, Алматы қаласының тұрғындары. Ер азамат жеңіл жарақат алып, ауруханаға жатудан бас тартты. Ал оның 1996 жылғы жұбайы түрлі дене жарақаттарымен Қапшағай қалалық орталық ауруханасында жатыр.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ