Коронавирустан айыққан экс-вице-министр Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне кірісті. Камалжан Надыров бұл лауазымға сәуір айында тағайындалған. Десе де, індет жұқтырып алуына байланысты жұмысына шыға алмады.
Камалжан Надыров сәуірдің 21-і күні Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылған. Артынша оның алып мегаполистің денсаулық саласын басқаратыны белгілі болды.
Жазира Оразқызы