Қарағанды облысында тұрғын үйдің балконы опырылып, ерлі-зайыптылар ауыр жарақат алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында тұрғын үйдің балконы опырылып, ерлі-зайыптылар ауыр жарақат алды

02.06.2020

Қарағанды облысы Шашубай кентінде балкон опырылып, екі адам ауруханаға түсті. Ақтоғай ауданына қарайтын кенттің мына үш қабатты үйінде 24 пәтер бар. Оқыс оқиға кезінде ерлі-зайыптылар әбден тозығы жеткен баспананың балконына тыныстауға шыққан. Алайда екі адамды көтере алмай, опырылып кеткен. 

Қазір олар жансақтау бөлімінде жатыр. 36 жастағы әйелдің қолы сынып, беті, іш құрылысы жарақаттанған. Ал 46 жастағы ер адамның көкірек тұсы жаншылып, бауыры езіліп кеткен.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу