Басты Жаңалықтар Мемлекеттік бюджеттің айқындылығы шектеулі

Мемлекеттік бюджеттің айқындылығы шектеулі

Қазақстанның бюджет шығыстарының тиімділігі мен қаржылық есептілікті бағалауға арналған шараға атсалысқан Еуропалық Одақ пен Дүниежүзілік Банк өкілдері осындай пайым жасады. Айтуларынша, мемлекеттік бюджеттің жоспары оның бөлінуі мен игерілуі туралы ақпараттар халыққа қолжетімсіз. Яғни, жалпы ақша туралы ақпарат алу тетіктері мен тәртіптері қарастырылмаған. Әлбетте, бұл – Қазақстанда барлығы жабық деген сөз емес. Бюджеттің атқарылуы туралы цифрлар бар. Бірақ, нақтылық жоқ. Яғни, ақшаның қайда, қанша жұмсалғанын білу мүмкін емес. Дегенмен, 2009 жылмен салыстырғанда Қазақстандағы ахуал айтарлықтай жақсарған.

Арман Бектурова, ҚР ҚМ Бухгалтерлік есеп пен аудит әдіснамасы департаментінің директоры:

- Халықаралық эксперттер тексеру кезінде есептілікке, аудиттің тиімділігіне, нақты айтқанда бюджетті жоспарлау, орындау кезінде қандай ауытқулар болғанын, қандай нәтижелерге жеткенін, қоғамның дамуына қандай үлес қосқанын айтып өтті.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу