Алматыда құдыққа түсіп кеткен 2 адамды ХҚКО-ның маманы құтқарып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда құдыққа түсіп кеткен 2 адамды ХҚКО-ның маманы құтқарып қалды

01.06.2020

Алматыда құдыққа түсіп уланып қалған екі азамат жан сақтау бөлімінде жатыр. Өлім аузынан аман қалған дәрменсіз жандарды сол маңнан өтіп бара жатқан азаматтар көріп, құдықтан алып шыққан. Белгілі болғандай, олар «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық қызметінің жұмысшылары екен.  

Оқиға тал түсте Алматының тап ортасында болған. Кәріз құдығының ішіне түскен екі жұмысшы газға уланып, есінен танып қалған. Құдықта қанша уақыт болғандары белгісіз. Қазір уланған екі азамат жан сақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайларын орташа ауыр деп отыр.

Қиындыққа тап болғанға қолұшын беру Ержанның бойына сіңген қасиет. Үйдегі үш баласына да жиі айтатын тағлымы осы. Қазірдің өзінде Ержанның жүрегі жай табар емес. Ауруханаға қайта-қайта хабарласып, қос азаматтың қал жайын сұраумен жүр. Ал дәрігерлер науқастардың беті қашан бері қарайтынын дөп басып айта алмайды. Оқиғаның қалай болғанын қазір құзырлы органдар тексеріп жатыр.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу