Кобе университетенінің профессоры, эпидемиолог-дәрігер Кэнтаро Ивата Азия халықтары арасында коронавирустан қайтыс болғандардың аз болуына байланысты пікір білдірді.
Оның айтуынша, Азия елдері азаматтарының генетикалық құрылымында жаңа вирусқа төтеп бере алатын артықшылықтар бар. Сондай-ақ профессордың пікіріне сүйенсек, COVID-19-ға қарсы қалқан ретінде туберкулезге қарсы вакцинаның да әсері болуы мүмкін. Себебі бұрын Азияның көптеген мемлекеттерінде бұл індетке қарсы вакцинаны жаппай егу науқандары жүргізілген. Соның салдарынан адамдарда инфекцияларға қарсы иммунитет қалыптасқан көрінеді. Қазіргі таңда АҚШ, Австралия және Нидерланд ғалымдары бұл теорияны тексеру бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар, Ивата коронавирустың құрбаны болуға семіздік пен гипертония да әсер етеді деп отыр. Ол Азия халықтарының басым көпшілігі бұл аурулармен ауырмайтынын айтуда.
«Әзірге бұның барлығы жай ғана гипотеза және ғылыми зерттеулер мен дәлелдерді талап етеді»,- дейді профессор Кэнтаро Ивата.
РИА