Нұр-Сұлтанда қала маңы автобустары жүре бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда қала маңы автобустары жүре бастады

01.06.2020
Нұр-Сұлтанда қала маңы автобустары жүре бастады

Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтанда қала маңы автобустары жүре бастады

Қоғамдық көліктер сағат 06:00-ден 22:00-ге дейін қатынайды.

«Автобустарға бұрынғыша дезинфекция жасалады. Автобус жүргізушілері қауіпсіздік шараларын сақтайды: маска, қолғап киіп, антисептик қолданады», - деп хабарлады CTS-тің баспасөз қызметі.

Cондай-ақ, жолаушылар бетперде киіп, санитарлық нормаларды сақтауға міндетті.  

Жолақыны қолма-қол ақшасыз төлеу қажет.

Хабарламаларға жазылу