Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жариялады. Мынадай жол бар ішінде: «Тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырдым. Біз жазықсыз жазаланғандардың әрқайсысын есте сақтау арқылы ғана кемел келешекке жол ашамыз» деген. Қос қолдап қолдайтын шешім, өйткені Алаш зиялылары, қуғын-сүргін құрбандары ақтауға мұқтаж емес, біз оларға мұқтажбыз. Осындайда Міржақып Дулатұлының мына сөзі ойға оралады: «Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады» дейді. Біздің енді жұтылуға, жойылуға құқығымыз жоқ, өйткені біз тағдырға онсызда қымбат құн төледік. Тәуелсіздікке тәу ету, қазақтың бүгінін қызғыштай қорып, ертеңге аманат ету - сіз бен біздің борышымыз.