Көлікте темекі шегуге тиым салынуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көлікте темекі шегуге тиым салынуы мүмкін

29.05.2020

Көлікте темекі тартуға тыйым салынуы мүмкін. Мұндай ереже «Денсаулық кодексінің» жобасында қарастырылған. Құжатты Мәжіліс депутаттары мақұлдады. Оған сай автокөлік ішінде кәмелет жасына толмаған бала болса, онда шылым шегуге болмайды. Ереже бұзғандарға 27 мыңнан 55 мың теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін. Сондай-ақ жаңа кодексте табак өнімдерін 18-ге емес, 21 жасқа толғандарға ғана сату мәселесі қарастырылған. Қазір «Денсаулық кодексінің» жобасы Сенатқа жіберілді. Жоғарғы палата бекітіп, президент қол қойған соң Кодекс күшіне енеді.

Досжан МАРАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу