Павлодарда мал өлексесін төгетін қорымдардың 80 пайызы санитарлық талапқа сай емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда мал өлексесін төгетін қорымдардың 80 пайызы санитарлық талапқа сай емес

29.05.2020

Мал өлексесін төгетін қорымдардан ауру тарайды. Осылай деп қауіптеген Павлодар облысының Шарбақты ауданының тұрғындары жергілікті билікке шағымданды. Өңірде өлген малдың сүйегін тастайтын арнайы орындардың 80 пайызы санитарлық талапқа сай емес. Беті ашық жатыр, бетонмен қапталмаған, тіпті кейбір елдімекендерде қорым атымен жоқ, өлексені шұңқырларға тастай салған. Соңғы екі жылда мал көмбелерін күтіп ұстауға қазынадан бір тиын да бөлінген. Сондықтан жағдай әбден ушыққан. Оның үстіне ветринар маман тапшы. Сондықтан, ашық жатқан өлекселерді жойып жатқан да ешкім жоқ. Бұлай жалғаса берсе, қарапайым халық кеселге ұшырайды деп қауіптенеді ауыл тұрғындары.

Болат АМАНБАЕВ


Хабарламаларға жазылу