COVID-19 вирусы симптомсыз өтіп жатқандарды емдеу тактикасы өзгерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

COVID-19 вирусы симптомсыз өтіп жатқандарды емдеу тактикасы өзгерді

29.05.2020

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 10 мыңнан асып кетті. Министр Елжан Біртановтың сөзінше вирусты жұқтыру көрсеткіші 5 пайызға жете қойған жоқ. Ауру дендеп бара жатқан аймақтарда бақылау күшейе түсті. Ал коронавирусты емдеуде жаңаша тәсіл қолданылып жатыр. Яғни, COVID-19 вирусы симптомсыз өтіп жатқандарды емдеу тактикасы өзгерді. Бұдан былай, науқастар үйде өзін-өзі оқшаулау арқылы емделеді. Денсаулық сақтау министрі ауруды жеңудің бұл тәсілі өзге елдерде де қолданылып жатқанын айтты.

Министрдің мәліметінше, аурудың титтей де белгісі пайда болса науқас бірден ауруханаға жатқызылады.

Ал бір үйде бірнеше адам тұрса, олар қалай оқшауланады? Мұндай науқастарға жағдай жасала ма? Бұл сұрақтарға жауап жоқ. Министрлік әзірге мұндай ақпарат таратпады.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу