Елімізде әр адамның қаржылық деңгейіне сай үй алуға мүмкіндік жасайтын механизм әзірленіп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасмына сай индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігі жуық арада жаңа заң жобасын таныстырады. Аталған министрліктің бірінші вице министрі Қайырбек Өскенбаев осылай деді. Сенатта тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту туралы да заң жобасы қаралып, екі оқылымда мақұлданды. Депутаттардың бастамасымен әзірленген құжат баспананың қолжетімділігін арттыруы тиіс.
Оңғар АЛПЫСБАЙ