Соңғы 20 жылда офшорға 140 миллиард доллар шығарылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соңғы 20 жылда офшорға 140 миллиард доллар шығарылған

28.05.2020
Соңғы 20 жылда офшорға 140 миллиард доллар шығарылған

Соңғы 20 жылда қазақстаннан офшорға 140 миллиард доллар шығарылған. Сенат депутаты Ольга Перепечина осылай деді. Оның үкімет пен Ұлттық банкке жолдаған депутаттық сауалында соңғы 5 жылда ақшаны заңсыз шығарғандарға қатысты 238 қылмыстық іс қозғалғаны айтылған. Сотқа оның тек үшеуі ғана жолданған. Қозғалған істердің бір де біреуі қаржыны кері қайтаруға мүмкіндік бермепті. Бұл қазіргі механизмнің мүлде жұмыс істемей тұрғанын дәлелдеп отыр деді сенат депутаты.

Оңғар АЛПЫСБАЙ


Хабарламаларға жазылу