Сенаторлар парламенттік оппозиция туралы заң жобасын мақұлдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенаторлар парламенттік оппозиция туралы заң жобасын мақұлдады

28.05.2020

Парламенттік оппозиция туралы заң жобасы Президенттің қол қоюына жіберілді. Құжат бүгін Сенат депутаттарының қарауынан өтті.

Мемлекет басшысының тапсырамасымен әзірленген заң бойынша парламенттік оппозиция құрылып, олар барлық заң жобаларын талқылауға араласады. Сондай-ақ, заңға альтернативті құжат әзірлей алады.

Тіпті парламенттік тыңдау, үкімет сағатын ұйымдастыру құқығына ие болады.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу