Елордадағы 23 құрылыс компаниясына үлескерлердің қаржы салуына болмайды. Қалалық әкімдік олардың тізімін жұртшылыққа жариялады. Себебі тұрғын үйлерді толықтай салып бітіреріне сенімсіздік танытып отыр. Сондықтан салымшылардың абай болуын табанды түрде ескертеді. Әкімдік салымшыларды әзірге 23 компаниядан сақтандырып отыр. Бұл сан көбеюі де, кемуі де мүмкін. Бәрі құрылыс мекемелерінің заң шеңберінде жұмыс істегеніне байланысты. Ал қара тізімге іліккендер – әлеуметтік желі және арнайы агенттіктер арқылы үлескерлерді тартып пәтер саудалай бастаған. Демек қаржыдан қысылған соң халықтың қалтасына қол салып отыр.
Нысаналы ЫҒЫЛ