Сауда орталықтарында бетпердесіз жүргендер 12 мың теңге айыппұл төлейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауда орталықтарында бетпердесіз жүргендер 12 мың теңге айыппұл төлейді

27.05.2020

Алматыдағы ірі сауда-ойын-сауық орталықтары карантин талаптарын сақтамаса, қайта жабылады. Бұл туралы қала әкімі айтты. Шаһарда 3 мыңнан астам тамақтану орны мен ірі сауда кешені іске қосылған еді. Бұл жаңалықты асыға күткен жұрт таңертеңнен дүкендерге ағылып жатыр. Сауда нысандарында санитарлық талаптар сақталып жатыр ма?

Сауда кешендерінде бетпердесіз жүргендерге 5 айлық есептік көрсеткіш, яғни, 12 мың теңге айыппұл салынады. Сондықтан орталық қызметкерлері келушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Қазір арнайы мамандардан құралған мобильді топтар күнделікті тексеріс жүргізіп, нысандардың жұмысын бақылап жүр. Карантин талаптарын сақтамаған сауда орындары қайта жабылатын болады. Бұл туралы бүгін қала әкімі де қатаң ескертті.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу