2025 жылға дейін білім саласын қаржыландыру 6 есеге, ғылымға бөлінетін қаржы 7 есеге артады. Бұл туралы Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында мәлімдеді. Мемлекет басшысы әлеуметтік салаларды реформалау бастамаларының маңызына ерекше тоқталды. Бұл ретте кеңес мүшелерінің ұсыныстары да ескеріледі.
Елді мекендерде шығармашылық орталықтардың санын көбейту тапсырылды. Үш ауысымда білім беруді азайту үшін алдағы 4 жылда 650 000 орындық 800 мектеп салынады.
Президент қателігінен көз сүрінетін оқулықтарды да сынға алды. Енді бұған жауапсыздық танытқандар жазаланады.
Жалпы білім беру саласының барлық сатысы реформаланады. Осыған дейін мектепке дейінгі мекемелердің сапасына емес, санына басымдық беріліп келді. Енді балабақшадағы оқуды мектеп бағдарламасымен сабақтастыру қажет екенін айтты Президент.
Ал енді еңбегі ерек педагогтерге арнайы мемлекеттік медаль табысталады. Бұдан бөлек, әлеуметтік сала қызметкерлеріне, мұғалімдер мен дәрігерлерге «Халық алғысы» медалі берілмек. Президент пе,дагогика саласында білім алатын студенттерді де қуаптып тастады. Шәкірақы 26 мыңнан 42 мыңға дейін өсетін болды.
Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ