Джоан Роулинг балаларға арналған жаңа ертегіні жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Джоан Роулинг балаларға арналған жаңа ертегіні жариялайды

27.05.2020
Джоан Роулинг балаларға арналған жаңа ертегіні жариялайды

Атақты ағылшындық жазушы Джоан Роулинг балаларға арналған жаңа ертегіні жарыққа шығармақ. «Икабог» (The Ickabog) деп аталатын туындының бөлімдері жазушының сайтында күн сайын шығып отырады. Бұл Роулингтің Гарри Поттер әлеміне қатысы жоқ алғашқы ертегісі.

Жазушының айтуынша, «Икабог» осыдан 10 жыл бұрын өзінің балаларына арнап жазылған. Алайда осы уақытқа дейін еш жерде жарияланбаған.

«Бұл кітап карантинде қалған және осындай қиын уақытта мектепке қайта баруға мәжбүр болған балаларға арналады. Күзде кітаптың баспадан шыққан нұсқасынан түскен барлық қаражат коронавирустан зардап шеккендер үшін қайырымдылық қорларына жұмсалады»,- делінген автордың алғы сөзінде.

ВВС


Хабарламаларға жазылу