Алматы қаласы полиция департаментінің экс басшысы Серік Күдебаевтің ұлына қатысты тергеу жұмыстары тоқтатылды. Бұл туралы прокуратура өкілдері мәлімдеді. Марқұм Нұрсұлтан Күдебаевтің өліміне қатысты жүргізілген тергеу мен сотқа дейінгі тергеп-тексеру халықаралық құқықтық көмек алуға байланысты тоқтатылды. Тергеу жұмыстарының нәтижесі нақты шешім қабылданғанша жарияланбайды. Еске салайық, Алматы қаласы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевтың ұлы 2019 жылдың тамыз айында қайтыс болған. Оның өліміне қатысты дәрігерлер айыпталған болатын.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ