Петропавлдың дәл іргесіндегі Якорь ауылының тұрғындары 4 күннен бері сусыз отыр. 3 мыңға тарта халқы бар елдімекенде 50 жыл бұрын салынған құбырлар жарылып, апат жиі болады. Оған қоса судың сапасы да сын көтермейді.
Қазір 3 мыңға тарта халқы бар ауылдың 100-ден астам түтіні сусыз отыр. Айтуларынша, жарылған құбырды бітеп кетсе,көп кешікпей дәл соның жаны тағы тесіледі.
50 жыл бұрын тартылған су құбырларының жалпы ұзындығы 12 шақырым. Ескіні жамағаннан басқа амал жоқ. Осы жолы да магистральды тек бүтіндеп қоймақ.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ