Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 5,5 миллионға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 5,5 миллионға жетті

26.05.2020

Соңғы күндері бірқатар елдерде науқастардың күрт көбейгені байқалып отыр. Бұған карантин талаптарының жеңілдетілуі де себеп. Мамандар пандемияның екінші толқыны болмас үшін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет екенін айтады.

Бразилия жұқпалы дертке шалдыққандар саны бойынша Америкадан кейін екінші орынға шықты. Елде 375 мың адам вирус жұқтырған. Мемлекет перзиденті Жаир Болсонарудың пандемияға қарсы қабылдаған шараларына тұрғындардың көңілі толмайды. Жағдайдың ушығуына байланысты, АҚШ Бразилиядан адамдардың келуіне тыйым салды.

АҚШ демекші елде қаупті дертке шалдыққандар 1 миллион 700 мыңға жуықтады. 100 мың науқас қайтыс болды.

Латын Америкасының тағы бір мемлекеті - Чилиде де эпид ахуал өршіп тұр. Соңғы күндері елде инфекция анықталғандар саны күрт өсіп, 73 мыңнан асты. 30 мыңға жуық науқас көз жұмды. Ал Ресейде індеттің ілмегіне іліккендер саны 360 мыңнан асты. Бір күнде 174 адам қайтыс болып, рекордтық көрсеткішке жетті. Карантин тәртібін сақтамағандарға қомақты айыппұл салынуда.  

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу