Президент Наталья Годунованы қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Наталья Годунованы қабылдады

26.05.2020

Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады. Комитет басшысы коронавирус пандемиясына қарсы күрес шараларына бөлінген қаржының жұмсалуына мониторинг жүргізу жұмыстары жайында баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруды тапсыржды. Оның ішінде денсаулық сақтау саласына, жұмыспен қамту жол картасын жүзеге асыруға, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдауға бағытталған және тексеріс нәтижелері туралы тұрақты түрде есеп беріп тұру жайына да тоқталды.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу