Республикалық бюджеттен 3 миллиард теңге бөлінген жоба аяқсыз қалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республикалық бюджеттен 3 миллиард теңге бөлінген жоба аяқсыз қалған

25.05.2020

Павлодар облысында тұтас бір аудан халқы судан шөліркеп отыр. Ауыз су түгіл, бау-бақша суаратын су жоқ. Ал республикалық бюджеттен 3 миллиард теңге қаржы бөлінген Май топтық су құбырының құрылысы қолға алынғанына биыл 10 жылдан асты. Алайда, аудан орталығы Көктөбе мен 15 ауылдың он бір мыңнан астам халқы әлі күнге дейін суға жарымай отыр.

Май топтық су құбырының құрылысы он жыл бойы бітпеді. Мердігердің салғырттығы, қаржының тапшылығы - онсыз да таршылық көрген жұртты таза суға зарықтырып қойды. Құбыр былтыр әрең салынып бітті.

Бірақ бұдан үміт аз екенін айтады тұрғындар. Себебі, су беретін стансаның ауыл ішіндегі желілік құдықтары жарылып кеткен. Қайта жөндеу қажет.

Болат АМАНБАЕВ


Хабарламаларға жазылу