42 000 теңгені алмағандар өтініштерді қайта тапсыруға құқылы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

42 000 теңгені алмағандар өтініштерді қайта тапсыруға құқылы

25.05.2020

42 500 теңгені бірінші мәрте алып, екіншісінде ала алмағандардың өтініштері қайта қаралады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Ол үшін азаматтар аудандық немесе қалалық штабқа қосымша өтініш беруі тиіс. Қолыңызда мындай үш құжат болуы тиіс: жалақы сақталмайтын демалысқа жіберілгені туралы бұйрық. Жұмыс берушінің төтенше жағдай кезінде кірісін жоғалтқанын растайтын құжат. Сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдары қабылдаған декларациялар. Осы құжаттар мұқият қаралған соң, азаматқа әлеуметтік төлемді беру, бермеу туралы шешім шығарылады. Сондай-ақ, 42 500 теңге төлем беруден бас тартылған азаматтардың да, құжаттары қайта зерделенбек. Өтініштер, онлайн, телеграм-бот арқылы қабылданбайды. Айта кетейік, карантин талаптарын ескере отырып, адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу мақсатында өтініштер 1 желтоқсанға дейін қаралатын болады.

Амангелді СЕЙІТХАН


Хабарламаларға жазылу