Еліміздің 13 өңірінде шаңды дауыл болатынын ескертті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің 13 өңірінде шаңды дауыл болатынын ескертті

25.05.2020

Еліміз бойынша аптап ыстық пен шаңды дауыл қатар басталды. Кей өңірлерде күн күрт ысып, сынап бағаны 50 градусты көсетуі мүмкін. Қазірдің өзінде қураған шөптер күйіп жатыр. Сондықтан мамандар тұрғындарды артық қимыл жасамауға шақырды.

Биыл Елордаға жаз ерте келді. Қазір ауа температурасы 35-38 градус аралығында. Бұрын мұндай шіліңгір ыстық шілде де түсетін.

Аптап ыстықтан орман алқаптарында өрт шықты. Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарында 10 өрт оқиғасы тіркеліп, 6 гектардан аса жерді жалын шарпыған. Дала өрті де өршуі мүмкін. Қазір қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тұрақты мониторинг тобы жұмыс істеп жатыр. Халық пен шаруа қожалықтары арасында түсіндірме жүргізуде. Солтүстік өңірлерде ыстық 40 градусқа дейін болса, оңтүстік пен батыста одан да асады. Сол шақта мамандар тілсіз жаудан сақтануға шақырады. Әзірге 2 мыңнан аса түсуге болмайтын су қоймасы анықталды. Елімізде олардың саны 50 мыңның маңайында. Ал қауіпті ескертіп жүретін төтеншеліктердің саны 1 мыңнан сәл көп. Салыстыра беріңіз. Оның үстіне күн ысымай тұрып ажал құшқандар қаншама?

Қазгидромет аптаппен қоса 13 өңірде шаңды дауыл болатынын ескертті.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу