Елімізде вирус жұқтырғандардың саны 8531-ге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде вирус жұқтырғандардың саны 8531-ге жетті

25.05.2020

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны бүгін 8531-ге жетті. Кеше бір тәулікте індетке іліккен тағы да 209 адам тіркелді. Осы уақытқа дейін 4506 науқас аурудан айығып шықса, 35 адам көз жұмды.

Ал кейбір облыстарда ауыру қайтадан өршіп барады. Мәселен, 8 аймақта вирус жұқтырғандардың өткен аптадағы өсімі 7 пайыздан асқан. Яғни, Алматы облысы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облысы мен Шымкент қаласында аурудың қарқыны қатты.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу