Алматы облысының тұрғыны әлемге танымал бренд атауымен аяқ киімдерді жасырын тігіп келген. Облыс бойынша экономикалық тергеу департаментінің мамандары тауарлық белгілерді заңсыз қолдану дерегі бойынша 1982 жылғы азаматты қолға түсірді. Тінту барысында қоймада танымал компаниялардың түпнұсқалық үлгілеріне сәйкес келмейтін 800 жұп спорт аяқ киімі анықталып, тәркіленді.