Шетелден келгендер 2 тәулік стационарда жатады. Еліміздің Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова бекіткен жаңа қаулыға сәйкес, сырттан келгендерді оқшаулау тәртібі өзгерді. Осы уақыт ішінде оларға коронавирустың белгілерін анықтайтын зертханалық тексеру жүргізілмек. Егер дерттің симптомдары бар болса, провизорлық стационарға емдеуге жатқызылады. Дипломатиялық өкілдік, консулдық мекеме және халықаралық ұйым өкілдерінің қызметкерлері бұл талаптан босатылған. Ал, бес күн ішінде COVID-19 жоқтығын растайтын анықтаманы алып, Қазақстанға келгендер 14 күн бойы өз үйінде оқшаулануы тиіс. Ондай мүмкіндігі жоқтар карантиндік стационарға жатқызылады», - деп жазылған қаулыда. Сондай ақ құжатта коронавирус жұқтыру көрсеткіші тәулігіне 7 пайыздан асса, біршама шектеулер енгізілетіні жазылған.