Қазақстан «Doing Business» рейтингінде 28-орында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан «Doing Business» рейтингінде 28-орында

01.11.2018

Қазақстан «Doing Business» халықаралық рейтингінде 190 елдің арасынан 28-орынға көтерілді. Жоғары көрсеткішті бүгін Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин жариялады. Жаһандық рейтингтің 2018 жылғы қорытындысына сәйкес, Қазақстан Экономикалық және ынтымақтастық даму ұйымына мүше бірқатар мемлекетті басып озса, Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында көш бастап тұр. Еліміз негізгі 10 бағыттың алтауы бойынша позициясын жақсартқан. Атап айтсақ, «Миноритарлық инвесторларды қорғау» индикаторы бойынша еліміз екінші мәрте әлемдік көшбасшы атанды. Ал, «Келісімшарттарды орындауды қамтамасыз ету», «Құрылысқа рұқсат алу», «Кәсіпорын ашу», «Төлеу қабілетсіздігін шешу», «Несие алу» және «Халықаралық сауда» рейтингілерінде көш ілгерілеген.

Айта кетейік, былтыр Қазақстан «Doing Business» рейтингінде 36-шы позицияны қанағат тұтқан болатын.

Серік Жұманғарин, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:

- Олар ертең саясаткерлердің, банктердің, корпорациялардың инвестициялау шешіміне әсер ететін рейтинг. Сондықтан, біздің мақсатымыз Қазақстанның бизнес ахуалын жақсарту.

 

А.ТОҚТАМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу