Алдағы төрт жылда Қазақстан ет пен сүттің импортынан толықтай арылады. Ауыл шаруашылығы министрлігі алдына осындай мақсат қойып, салалық бағдарлама әзірлеуде. «Дегенмен, бұл айтуға оңай болғанымен, іс жүзінде өте қиын шаруа»,- дейді сарапшылар. Себебі біздегі ауыл шаруашылығы тауарларының ішкі жалпы өнімдегі үлесі 5 пайызға да жетпейді.
Осыдан он жыл бұрын 60 мың тонна ет экспорттау мақсаты қойылған еді. Алайда, бұл межеге жету әлі күнге арман болып тұр.
Халықтың 43 пайызы немесе 7 миллионнан астам адам ауылда тұрады. Бірақ жер жыртып, мал өсіріп жатқан адамның саны тым аз. Оның үстіне мал бағудың өзі жыл өткен сайын қымбаттап барады. Сарапшылардың айтуынша, ауыл шаруашылығына жаңаша көз қарастағы салалық бағдарлама қажет.
Ербол МӘНДІБЕК